25 мамыр күні Б. Александров атындағы Спорт сарайында әйелдер клубтары командалары арасында волейболдан Азия чемпионатының ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шараға қатысқан ШҚО әкімі Даниал Ахметов, барша жиналғандарды чемпионаттың ашылуымен құттықтап, ойыншыларға сәттілік тілеп, жанкүйерлерге тартысты ойынүа куә болуларын тіледі.
Сонымен қатар, осындай ауқымды шараны өткізуде сенім білдірген волейболдан Азиялық конфедерацияға алғысын білдірді.
Бір секторды тұтастай алған ШҚМУ жанкүйерлері барынша белсенділіктерімен көзге түсті.
Чемпионатқа келесі командалар қатысады: «Алтай» (Қазақстан), «Супреме» (Таиланд), «Сармайе Банк» (Иран), «Тайвань Пауэр» (Қытайлық Тайпей), «Хисамицу Сеяку Спрингс» (Жапония), «Тяньцзин Бохай Банк» (Қытай), «Вьетин Банк Клуб» (Вьетнам) және «Филиппин Супер Лига» (Филиппины).
Баспасөз қызметі