Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ жанынан құрылған «Жас Отан» жастар қанатының студент мүшелері - «Үміт» балалар үйінде

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жанынан құрылған «Жас Отан» жастар қанатының студент мүшелерімен бірге 15 наурыз күні «Үміт» балалар үйіне барып қайттық.

Қасиетті қара шаңырақтың 1, 2, 3, 4 курс студенттері Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйінің жеткіншектерімен бірге Әз-Наурыз мерекесін тойлады.

Сонымен қатар «Алғыс айту күні, Тағзым күні» мейрамдарын қоса атап өттік. 1-курстың қыздары өздерімен бірге тәтті-дәмділерін пісіріп, сыйлық ретінде ала барды. Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге ән айтып, би билеп, олардың көңілдерін көтердік.

Мерекелік іс-шара соңынан барлығымыз бірге дастархан басына жайғасып, өзіміз апарған тағамдардан ауыз тидік. Біздің университетіміздің студенттері бұл дәстүрді үзбей, жиі барып тұрады.

Алдағы уақытта әлі де жалғасын табады деген үміттемін.

А.Қалымбек, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті, Өскемен қалалық  Жастар мәслихатының депутаты

Қазақ
× You found a Typo