Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ жас ғалымдары ғылыми жобалар көрмесіне қатысты

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті физика жəне технологиялар кафедрасының «Creative science» клубы (клуб жетекшісі – Зұлқаршын П.) О.Бөкей атындағы №44 лицейінде өткен студенттердің ғылыми жобалар көрмесіне қатысты.

Аталмыш көрмеде Қазақстаннның əлеуметтік-экономикалық жəне баламалы энергияға байланысты озық технологиялары мен үздік жобаларының іске асырылу бағыттары бойынша жұмыстар таныстырылды. Атап  айтқанда:

1. Smart Wi-Fi қақпа.

Бүгінгі таңдағы озық технологияларды жəне жер үйлерге пайдаланатын ұялы телефондағы мобильді қосымша арқылы басқарылады. Бұл жобаның негізгі ерекшелігі пультпен басқарғанға немесе домофоннан қарағанда ыңғайлы. Үйде отырып-ақ басқаруға болады.

2. Су қоймалары мен су бөгеттеріндегі су тасқынының қаупі туралы алдын-ала хабарлағыш құрылғы.

Жобаның ерекшелігі: құрылғы су бөгеттерінде су деңгейінің көтеруілін ауылдың көшелеріне орнатылған арнайы хабарлағыш шырақтарман дабыл белгісі арқылы тұрғындарға хабарлап, ескертіп отырады. Қызыл шырақ жанғанда дабыл қағылып, тұрғындардың қауіпсіз жерге көшуі үшін белгі беріледі.

3) «Ауыл дəмі» автоматты құрылғысы

Жобаның ерекшелігі: Автоматты құрылғы арқылы мектептерде немесе басқада мекемелерде ұлттық тағам түрі болып саналатын құртты қолжетімді етуге болады.

4) Күнен энергия алатын киіз үй

Жобаның ерекшелігі: Күннен энергия алғандықтан, электр тоғының қажеті болмайды, сондықтан саяхатқа, демалысқа шыққанда өте тиімді, әрі қолайлы болып келеді.

5) Күннен энергия алатын комбайн

Жобаның ерекшелігі: Келешек уақытта мұнай, газ қорының таусылуын ескерсе,  күннен энергия алатын комбайн жасаудың тиіміділігі арта түседі. Әсіресе, астық өндіруден əлем бойынша алдыңғы орынға ие Қазақстан үшін оның маңызы зор болмақ.

Студенттер мен жас ғалымдардың

ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Қазақ
× You found a Typo