Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ жас ғалымдары Курчатов қаласында өткен XVIІ конференция-конкурсына қатысты

16 – 18 мамыр аралығында Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК негізінде ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен ҒЗТКЖ мамандарының XVIІ конференция-конкурсы өткізілді.

Біздің университетімізге конференцияға конкурстан тыс қатысуға 15 наурызда  келген, шақыртуды қабылдай отырып, ҰҚҰҒЗ жас мамандары – Оспанова Жанерке мен Бүйткенов Дастан және «Материалтану» мамандығының 4-курс студенті Байжан Дарын жіберілді.   Олар ұйымдастырушылардың бағдарламасы бойынша, бірінші күні ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен ҒЗТКЖ мамандарының баяндамаларын тыңдады. Өздерінің жұмыстарын екінші күні қорғап, ҚР ҰЯО алдыңғы қатарлы ғалымдарының сұрақтарына жауап беріп, пікірлерін тыңдады. Үшінші күні конкурсқа қатысушыларды марапаттады. Біздің мамандар конкурстан тыс болғандықтан орын берілген жоқ. Дегенмен, әлеуметтік маңызды тақырып ретінде Оспанова Жанерке жұмысын марапаттады.

Конференция барысында біздің мамандарға Курчатов қаласында орналасқан, жоғары температуралы плазманы жасауға және ұстап тұруға арналған тура қалпындағы тұйық магнитті қармауыш – Токамакты көру бұйырды. Сонымен қатар Семей Полигон институтында экскурция өтіп, полигон жайында көптеген мәліметтер алды.

18 мамыр күні конференцияның ойдағыдай аяқталуына орай, әділ қазылар алқасы, конкурсқа қатысушылар мен ұйымдастырушылардың қатысуымен мерекелік үстел жайылды. Ол жерде жас мамандар бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ жұмыстарын жоспарлады.

Бұл конференция біздің жас мамандарға өздерінің жоспарлы жұмыстарын ойдағыдай және беделді ғалымдармен бірлесе отырып жүзеге асыруға зор мүмкіндік береді.Конференция өте жоғары деңгейде өткізілді, ұйымдастырушыларға мың алғыс!

Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасы

Қазақ
× You found a Typo