Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен «Берекелі жыл» атты танымдық іс-шара өтті

17 қазан күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен студенттер арасында «Берекелі жыл» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараға жастар маслихатының депутаттары, тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің мамандары қатысты. 

Шара мақсаты: ұлттық руxты көтеру, білімді, жігерлі, намысшыл, отаншыл, биік руxты жас ұрпақты тәрбиелеуге өз септігін тигізу. Сонымен қатар, Елбасының салиқалы саясатын қолдай отыра, 2017 жылы орын алған маңызды саяси оқиғаларды дәріптеу. Кеш басын «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы Басбақбаев Қайыржан ашты.

Осынау танымдық шарада топтар нағыз командалық жұмыс атқара отырып, берілген: Алашордаға 100 жыл; ЕХРО 2017; білім саласындағы жаңалықтар; болашаққа бағдар: руxани жаңғыру тақырыптарын тарқатып аша білді. Барша топтар өздерін әртүрлі видеороликтер, эмблемалар, плакаттар арқылы таныстырды. Берілген тақырыптарды студенттерден сұхбат ала отырып жеткізген топтарда болды.

Оқу ордамыздың талантты студенттері де дәстүрлі өнерлерімізбен паш еткізді. Атап айтсақ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері Боланбек Ердос пен Елдос, Қалымбек Аян халық әндерін қасиетті домбырамен керемет жеткізе білді. Ал «Білім» тобы зияткерлік ойын ойнатса, «Рухани жаңғыру» тобы « Адай» күйімен көрерменге жағымды әсер қалдырды. «Алаш- Орда» тобы барша Алаш қайраткерлерінің өшпестей болып қалған нақыл сөздеріне шолу жасап өтті. Осы жылы ғана елімізде болып өткен үлкен көрменін теренде жатқан тарихымен «ЕХРО» тобы таныстырды.

Кешіміздің соңында жастар маслихатының депутаттары Анас Б., Анжиков А. және жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Ә. сөз сөйледі.

Ынталандыру мақсатында топтар және белсенді студенттер тәрбие жұмысы проректоры Г. М.Борамбаев атынан алғыс xаттармен марапатталды.

Барша ат салысушыларға алғыс білдіре отырып, студенттеріміз рухани байлықпен сусындап қайтты деген ойдамыз.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі

Қазақ
× You found a Typo