Өскеменде «Алау-2018» жастар форумы аясында қала әкімі Жақсылық Омардың «Жылдың студент көшбасшысы», «Жылдың жас кәсіпқойы», «Жас педагог», «Жас спортшы», «Жылдың жас отбасы», «Жас шығармашылық ұжым» және өзге де аталымдары бойынша сыйлығы табысталды.
«Серпін-2015» бағдарламасы бойынша оқып жатқан 2 курс студенті, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Марлен Әбубәкір «Жылдың студент көшбасшысы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
– Бұл – менің ғана емес, бүкіл ШҚМУ ұжымының жеңісі! Алдағы уақытта да аянбай ете беремін, – деді жеңімпаз.
Қала әкімінің айтуынша, әрбір жастың кеудесінде от бар, сол от қалаға, өңірге, жалпы елімізге жылуын шашуы тиіс.
Естеріңізге салар болсақ, 2019 жыл Елбасы Жарлығымен Жастар жылы деп жарияланған.
Баспасөз қызметі
Фото https://cloud.mail.ru/public/Mw9w/yeFRZ7RJ6