Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ жастары Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер Асанәлі Әшімовпен кездесті

Бүгін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жастары  мен оқытушылары  М.Әуезов  атындағы  Қазақ   мемлекеттік  академиялық драма  театрының көркемдік жетекшісі, театр педагогі, профессор Асанәлі Әшімұлы Әшімовпен  кездесті.

Сонымен қатар М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры  Сәбит Әбдіхалықов және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актері Төлеубек Аралбай қонақта болды.

−   Осы  қара шаңыраққа келіп сіздерді көріп отырғаныма өте қуаныштымын. Талай қайталанбас тұлғаларды сыйлаған Шығыс елін мен қашанда мақтан тұтып жүремін. Ал жастар сіздерге айтарым білім алудан жалықпаңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда! – деп Асанәлі Әшімұлы жылы лебізін жеткізді.

 Университет ректоры, профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы барша университет ұжымының атынан өнер қайраткеріне Абай атындағы төсбелгіні табыс етіп, шапан жапты. Кездесу еркін түрде сұрақ-жауап форматында өтті. Студенттер қазақ өнерінің аңызына айналған ұлы тұлғаға көкейлерінде жүрген сауалдарын қоюға, арнауларын, ыстық ықыластарын жеткізуге мүмкіндік алды. Асанәлі Әшімұлы журналистика мамандығының 1 курс студенті Замира Сүлейменова шығарған арнауды ерекше бағалап, өз жинағына енгізуді ұсынды.

Шара соңында студенттер қонақтармен естелік суретке түсті.

Алтынай Бақытжан,

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo