Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ жастары «Ұлтты бастар – Рухты Жастар» жобасын ұсынды

23 қазанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Рухани жаңғыру» орталығында университет жастары Елбасы Жолдауын талқылады.

Оған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ж. Қабдолдақызы, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Екібасова, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының оқытушысы Г. Берікполова, оқытушылар, белсенді жастар қатысты.

ШҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы М. Әбубәкір «Ұлтты бастар – Рухты Жастар» жобасын ұсынды. Жоба 6 бағыт бойынша іске аспақ, олар – «Серпін берген жастарға жаңа жолдау» (Жолдауды насихаттау және орындау), «Жалынды жастар – ұлт болашағы» (Жастар форумын, түрлі байқаулар, акциялар, фестивальдар өткізу), «Рухани Жаңғыру: ұлттық бірегейлікті сақтау» (Ғалымдармен, ақын-жазушылармен, спортшылармен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыру), «Келешек көкжиегі – Жастар» (студенттер шығармашылығының жинақтарын шығару, мақалаларын БАҚ-та жариялау), «Ел ертеңі – білімді жастар» (кәсіби бағдарлау ісімен шұғылдану), «Жылы жүрек, жомарт қол – жақсылыққа бастар жол» (патриоттық, қайырымдылық акцияларын өткізу).

– Жолдау жастарды жігерлендіріп отыр. ШҚМУ студенттері Елбасының келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауын құптап отыр! – деді «Информатика» мамандығының 3 курс студенті  М. Шағаланов.

– Әркім өзінен бастауы тиіс, – деп түйіндеді кездесуді М. Екібасова.

Фото https://cloud.mail.ru/public/CMGL/xXoJ2rGV2 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo