С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері «Жүректен жүрекке» акциясы аясында «Ыстық шай» іс-шарасын ұйымдастырды.
«Жақсылық жасау үшін қалтаның кеңдігі емес, жүректің кеңдігі керек» дейді халқымыз. Сол аталы сөзді ШҚМУ «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері іске арқау етті. Суық күнде олар тұрғындарға ыстық шай ұсынып, бауырсақ пен тәттілер таратты.
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ұйымдастырылған «Ыстық шай» іс-шарасы баршаның жүрегін жылытып, көңілдерін марқайтты. Ыстық шай ішіп жылынған жандар жастарға алғыс жаудырып, тілектерін білдірді.
Мұса Сағадат,
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
«Жас Отан» жастар қанатының төрағасы