Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ жатақханаларына орналастыру жалғасуда

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Студенттер үйлерінде 3-4 курс студенттерін орналастыру жалғасуда. 1-2 курс студенттері 100 пайыз жатақханамен қамтылған.

Бүгінде, басқа қаладан келген немесе шетелдік студенттер № 1, 3, 4, 5 Студенттер үйлерінде орналастырылған.

№1 Студенттер үйі Образцовая, 7, №3 Студенттер үйі 30-шы Гвардиялық дивизия, 42, №4 Студенттер үйі 30-шы Гвардиялық дивизия, 40, №5 Студенттер үйі 30-шы  Гвардиялық дивизия, 38 мекенжайлары бойынша орналасқан.

Студенттер үйлерінде тұру бағасы айына 3100 теңге. Жатақханаға орналасу «Парасат» студенттерді қолдау орталығында жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша проректор Ирина Владимировна Ровняковаға 8(7232) 25-23-01 телефоны бойынша байланысуға болады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo