С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Студенттер үйлерінде 3-4 курс студенттерін орналастыру жалғасуда. 1-2 курс студенттері 100 пайыз жатақханамен қамтылған.
Бүгінде, басқа қаладан келген немесе шетелдік студенттер № 1, 3, 4, 5 Студенттер үйлерінде орналастырылған.
№1 Студенттер үйі Образцовая, 7, №3 Студенттер үйі 30-шы Гвардиялық дивизия, 42, №4 Студенттер үйі 30-шы Гвардиялық дивизия, 40, №5 Студенттер үйі 30-шы Гвардиялық дивизия, 38 мекенжайлары бойынша орналасқан.
Студенттер үйлерінде тұру бағасы айына 3100 теңге. Жатақханаға орналасу «Парасат» студенттерді қолдау орталығында жүзеге асырылады.
Барлық сұрақтар бойынша проректор Ирина Владимировна Ровняковаға 8(7232) 25-23-01 телефоны бойынша байланысуға болады.
Баспасөз қызметі