Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ жатақханаларында тұратын студенттермен тәрбие жұмысы өткізілді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің мамандары жатақханаларда тұратын бірінші курс студенттерімен тәрбие жұмысын жүргізді. 

Жиын құқықбұзушылықтың алдын алу, Студенттер үйінің ішкі тәртібін түсіндіру, қауіпсіздік шараларын сақтау, 1 курс студенттерін жатақхана өміріне белсене араласуға тарту мақсатында өтті.

Студенттерге кәмелеттікке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы туралы түсіндіріліп, жеке бас құқығына қол сұқпау, түнде тұрғындардың Студенттер үйінен тыс жерде болуын шектеу, бөтеннің мүлкін рұқсатсыз иеленбеу, қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, жатақхананың ішкі тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап берілді.

Жиын соңы 1 курс студент қыздарының қалауымен бейімделу кезеңіндегі сұрақтарға қатысты сырласу сәтімен жалғасты.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім

Қазақ
× You found a Typo