Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ және Батыс Мажарстан университеті: ынтымақтастық көкжиектері межеленді

Қазақстан және Мажарстан жоғары оқу орындары ректорларының 1-ші форумы барысында Қазақстан Республикасы ЖОО ректорлары кеңесі мен Мажарстан ректорлары қауымдастығы арасында өзара түсіністік туралы құжатқа қол қойылды.

Естеріңізге сала кетсек, 28 ақпанда Мажарстанда (Будапешт қаласы) Қазақстан және Мажарстан жоғары оқу орындары ректорларының 1-ші форумы ашылған болатын. Аталмыш шараға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген қатысты.

Қос ел ректорларының осындай форматтағы форумын қатысушылар тарихи деп бағалап отыр.

Қазақстан және Мажарстан жоғары оқу орындары ректорларының форумы аясында ШҚМУ ректоры Шопрон орман шаруашылығы және орман өнеркәсібі университетіде болды (Батыс Мажарстан университеті, Шопрон қаласы).

Сапар барысында ШҚМУ мен Шопрон университетінің ректорлары бір айдың ішінде студенттердің академиялық ұтқырлығы бағдарламасы бойынша меморандумдарға қол қою туралы уағдаласты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo