Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ және Өскемен қаласының Жастар ресурстық орталығы ҚР Бірінші Президенті Күніне орай қоғамдық дәріс өткізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де Өскемен қ., Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орай «Көшбасшылық: асқақ арманмен шабыттанғандар» тақырыбында қоғамдық дәріс өтті. 

Қоғамдық дәрістің мақсаты – білім алушылардың әлеуетін арттыру, идеялары аймақтың және жалпы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін бастамашы тұлғаны қалыптастыру.  

Кез-келген университет білім беру мекемесі ғана емес, тәрбиелеу институтының рөлін қоса атқарады. Қазақстан даму тарихының жаңа кезеңіне аяқ басқан тұста  еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісімен қатар, Елбасының көреген саясатын жалғастыратын, өзіндік тың идеялары бар көшбасшы жастар легін қалыптастыру ісіне де көңіл бөлінуі тиіс. Ұйымдастырушылардың айтуынша сананы сілкіндіретін, «қалғып кеткенді»  селт еткізетін, ескіні жаңартатын, білім мен қарім-қабілетті қаруындай сайланатын ұл-қыздарға әр салада үздік атануы үшін мүмкіндіктер туғызу – қоғамдық дәрістің нысанаға алған негізгі мақсаттарының бірі.

Кездесу қонағы – «Zerek» дербес даму орталығының бас директоры, бизнес-тренер, тренер-мотиватор Аманжолов Бекарыстан.  

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo