С. Аманжолов атындағы ШҚМУ және оның Жоғары колледжі облыстық білім басқармасы ұйымдастырған «Му PRO» мамандық фестиваліне қатысты.
Облыс орта мектептерінің 7-11 сынып оқушылары үшін шара 5 наурызға дейін «Алтай» технопаркінде өтеді.
Фестиваль қатысушылары үшін жоғары оқу орны мен ШҚМУ Жоғары колледжінің презентациялық материалдары, квестер, сайыстар және оқуға түсу шарттары туралы ақпарат ұсынылды.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы