- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Жайма шуақ көктемнің бірінші күнінде, 8 наурыз әйелдер мейрамы аясында ШҚМУ Жоғарғы колледжінде «ШҚМУ Колледжі Аруы-2017» байқауы өтті.
– Баршаларыңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймын. Сондай-ақ, бұл байқау жыл сайын колледжімізде дәстүрлі түрде өтеді деген ойдамын, - деп ШҚМУ Жоғарғы колледжінің директоры С.Д. Өтепов нәзік жандылар қауымын құттықтады.
Аталған байқау №3 оқу ғимаратының акт залында өтті. 5 кезеңнен тұратын байқауда аруларымыз өздерінің барлық өнерлерін көрсетуге тырысып бақты.
Шара қорытындысы бойынша «ШҚМУ колледжі Аруы-2017» титулын «Мектепке дейінгі оқыту және бастауыш білім» мамандығының 1 курс студенті Нұрмира Елемесова жеңіп алды. Енді ол 17 наурыз күні №5 оқу ғимаратында өтетін «ШҚМУ Аруы-2017» байқауында колледж намысын қорғайтын болады.
Баспасөз қызметі