Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Жоғары колледжі Ашық есік күнін өткізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі ZOOM платформасында және колледждің Инстаграмдағы VK_VKGU парақшасында Өскемен және облыс мектептерінің түлектері мен олардың ата-аналарына арнап онлайн режимде Ашық есік күнін өткізді.

Онлайн ашық есік күнінде мектеп түлектері мен олардың ата-аналары колледждің тарихы туралы, оқытудың артықшылығы мен болашағы, оқыту салалары мен мамандықтары және қабылдау ережелері туралы білді.

Сонымен қатар, жоғары колледждің 2019 жылғы түлектері Алена Гиль мен Басыт Орымханқызы тікелей эфирде өздерінің студенттік өмірі, колледжде алған білімдері туралы әңгімелеп, директорға және барлық колледж ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Қорытындысында оқушылар арасында викторина өткізілді, жеңімпаздар сыйлықтары пошта арқылы таратылатын болады.

Онлайн іс-шара мекемеге деген үлкен қызығушылық тудырды. Тікелей эфир барысында колледж директоры Сәрсен Дүйсенбайұлы Өтепов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анель Серікқызы Тарановаға және колледж өкілдеріне көптеген өзекті сұрақтар қойылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo