Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Жоғары колледжінде «Адалдық сағаты» өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жоғары колледжінде республикалық акция аясында Абайдың 175 жылдығына орай «Адалдық – Ұлы Абайдың мұрасы» тақырыбында «Адалдық сағаты» өтті.

Бұл акцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырды.

Кураторлар қашықтық форматта өз топтарының студенттеріне Абай шығармаларында сөз болған құндылықтар – әділдік, адалдық және адамдар арасындағы сенім туралы айтып берді.

Студенттер ақпаратты мұқият тыңдап, адамдар қарым-қатынасындағы адалдық пен әділдік үйлесімді қоғам мен гүлденген мемлекет құрудың негізі екенін атап өтті.

         Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo