- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай «Ардагерлер – асыл ерлер!» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.
Кездесу қонақтары – Ержан Оқанұлы Мүліков пен Төлеубек Тұрысбекұлы кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған кездесуде естеліктерімен бөлісіп, бейбіт өмірдің қадірін түсіндірді.
Студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Жоғары колледж