«Біз СПИД-ке қарсымыз» акциясы аясында СПИД-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мамандары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің 1 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуде студенттерге ауру туралы, оның жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы айтылды. Сондай-ақ, оларға ақпараттық парақшалар таратылды.
Мұнымен қоса, №5 Студенттер үйінде тұратын Жоғары колледж студенттеріне СПИД туралы дәріс оқылды. Дәрісті колледж психологы К. Еренбақов жүргізді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі