С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №7 оқу ғимаратының спорт залында Директор кубогі үшін Жоғары колледж студенттері арасында волейболдан сайыстар өтті. Турнир Жастар жылына және Ауғанстаннан кеңес әскері шығарылғанының 30 жылдығына арналды.
Ашылу салтанатында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің директоры С. Өтепов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа 10 команда қатысып, 3 кубокты сарапқа салды.
Дене шынықтыру мамандығы студенттері арасында бірінші орынды ФК-2Б тобы, 2 орынды ФК-3Б тобы, 3 орынды ФК-1В тобы иеленді.
Өзге мамандық студенттері арасында 1 орынды П-1Б тобы («Құқықтану», 1 курс), 2 орынды П-2Б тобы («Құқықтану», 2 курс), 3 орынды ДО-2Б тобы («Мектепке дейінгі білім беру», 2 курс), 4 орынды ПД-1Б тобы («Аударма ісі», 1 курс) алды.
Колледж оқушылары арасында 1 орынды ОП-9Г, 2 орынды ОП-9А, 3 орынды ОП-9Б топтары иеленді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі