С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі басталды.
Онкүндік ашылуында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Таранова мен әдіскері Ж. Қарсақбаева құттықтау сөз сөйледі.
Шақырылған қонақ, домбырашы Тоқтархан Нұрқанат Құрманғазының күйін шертіп, жиналғандарды бір тәнті етті. Жүргізушілер игілік, махаббат, достық туралы өлеңдер оқыды.
Салтанат соңында студенттермен өзін-өзі тану бойынша викторина жүргізілді, дұрыс жауап бергендерге кәдесыйлар тарту етілді. Сондай-ақ, шағын фуршет, өзін-өзі тану бұрышы ұйымдастырылды.
Баспасөз қызметі