Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Жоғары колледжінде «Тарихи фото» байқауы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде «Рухани жаңғыру: «Тарихи фото» шығармашылық конкурсы өтті.

Шараға колледж ұстаздары, ғылыми кітапхана қызметкері Шынар Нәбиева және студенттер атсалысты.

Жұмыстары іріктеуден өткен бес студент өздерінің ата-әжесі, ата-анасының өмір жолын үлгі етуге тырысты. Әркім қадір тұтар жақындарының суреттерін слайд түрінде көрсете отырып, сол заманның қиындығы мен есте қалар сәттеріне көз жүгіртті. Олардың үлгі аларлықтай өмір жолдарымен мақтана білді. Ескі суреттер мен түрлі медальдар, алғыс хаттар сол адамдардың нағыз тұлға екенін ашып көрсетті.

Қазылар алқасының мүшелері керемет әсер алғандарын айтып, келешекте осындай тәрбиелік мәні зор шараны жиірек өткізуге бел шешті.

Қорытынды бойынша 1 орынды К1Б тобының студенті Жанаргүл Маусат, 2 орынды ОП9А тобының студенті  Анастасия Зайцева иеленді, Жұлдыз Мұратова, Тоты Қоңызова, Адила Серікхан алғыс хаттармен марапатталды. Қатысушыларға ғылыми кітапхана атынан кітаптар табыс етілді.

Барлық қатысушылардың фотосуреттері іріктеліп, Пушкин атындағы облыстық кітапханада өтіп жатқан «Тарихи фотосурет» облыстық шығармашылық конкурсына ұсынылды.

Назерке Рысбекқызы,

Жоғары колледж студенті

Қазақ
× You found a Typo