- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жоғары колледжінде бастауыш білім беру мамандығының 2 курс студенттерінің З. Ахметов атындағы №16 орта мектебінде өткен «Мектептегі байқау практикасы» іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы болды.
Конференция жылулық шеңберімен басталды. Бәрі екі түсті гүлдер шоғын таңдай отырып, шеңберге тұрып, бір-біріне ізгі тілектерін тіледі. Гүлдер арқылы екі топқа бөлінді.
Конференция Блум таксономия жүйесімен өтті. Оның алты кезеңіне тоқтала отырып, студенттер жұп және топ болып жұмыс атқарды.
Конференция соңында колледж директоры С. Өтепов «НО2Б» студенттерінің осы іс-тәжірибе арқылы мұғалімдік армандарына бір қадам жақындағандарын айтты. Студенттерге мектеп әкімшілігінен мадақтамалар берілді.