15.02.2019
ШҚМУ Жоғары колледжінде викторина сайысы өтті
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде Жастар жылына орай әлеуметтік-гуманитарлық пәндер апталығы аясында викториналық сайыс өтті.
Сайыс мақсаты – студенттердің әр саладағы білімін кеңейту, шығармашылық ізденісін байқау, сұраққа толық жауап беру дағдысын қалыптастыру, сөйлеу шеберлігін жетілдіру және белсенділігін арттыру.
Жүйрік деп танылған топтар түрлі номинациядағы мақтау қағаздарымен марапатталды. «Ең білімді» номинациясына «Болашақ», «Ең тапқыр» номинациясына «Қыран», «Ең белсенді» номинациясына «Қара нәсілділер» топтары ие болды. Сайысқа белсенді қатысқан студенттер Шахмұрат Маратов пен Аяулым Оспановаға алғыс хаттар берілді.
Н.А. Махметова,
тарих пәнінің оқытушысы