Өскемен оқушылары Жоғары колледждің химиялық технология және өндіріс, бастауыш білімнің қолданбалы бакалавры, дене шынықтыру және спорттың қолданбалы бакалавры сияқты мамандықтарына қызығушылық танытып отыр.
ШҚМУ Жоғары колледжінің оқытушылары Өскемендегі №12, 15, 29, 36, 37, 39, 42 мектептерінде кәсіби бағдар берді.
Оқушылар мамандықтар туралы, оқуға арналған жағдайлар туралы сұрап білді. Колледж студенттері өздерінде өтетін іс-шаралар, жатақханалардағы, асханадағы жайлы жағдайлар жайында айтып берді.
Сондай-ақ, колледж оқытушылары мен студенттері №20 мектептегі оқушыларды колледждегі мамандықтармен таныстыратын мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты.
Баспасөз қызметі