С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі оқушысы Данил Цурган панкратионнан жастар арасындағы ел чемпионатының жеңімпазы атанды.
Данил дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алуда.
Жастығына қарамастан ол жекпе-жек бойынша облыстың екі дүркін чемпионы, ел кубогының және чемпионатының қола жүлдегері, панкратионнан былтырғы ел чемпионатының қола жүлдегері, ММА бойынша облыс чемпионы, ел кубогының финалисті.
Аталмыш турнирге еліміздің барлық өңірінен шамамен 600 спортшы қатысты. Данил үш кездесуде де жеңіске жетіп, 84 келі санатында чемпион атанды. Спортшымыздың айтуынша, ең қиыны астаналық қарсыласпен болған ақтық кездесу екен.
Бұл сайыс Римде өтетін әлем чемионатына іріктеу тур болды.
Данил Цурганды жеңісімен құттықтаймыз!
Баспасөз қызметі