Біліктілікті қолдау орталығы Жоғары колледж оқытушылары үшін білім берудің жаңартылған бағдарламасы бойынша курстар ұйымдастырды.
Жаттықтырушы-тәлімгер Айгүл Сағынғанқызы Сайлыбаеваның арқасында педагогтар жаңартылған бағдарламаның басты әрі негізгі технологияларын меңгерді, топтаса және қосарлана отырып теорияны тәжірибе арқылы игерді.
Оқытушылар сындарлы бағалау жүйесін, саралау элементтерін үйренді, сабақ жоспарын жаңа жүйе бойынша әзірлеуді, мақсат қоюды және тағы басқаларды меңгерді.
Баспасөз қызметі