С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің студенті Айбол Сләмбеков гір спорты бойынша Азия чемпионатында қос алтын медальді жеңіп алды.
Жоғары колледждің дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша 2 курс студенті Айбол Сләмбеков Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен гір спорты бойынша Азияның тұңғыш чемпионатында ел намысын қорғады.
60 келі салмақта үздік нәтиже көрсеткен ол екі алтын медаль (серпе және жұлқи көтеру) жеңіп алып, Азия рекордын орнатты.
Жеңісің құтты болсын, Айбол!
Баспасөз қызметі