Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Жоғары колледжінің студенттері Абайдың туған жерінде болды

Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі студенттерінің Жидебай-Бөрілі мұражайына саяхатын ұйымдастырды.

Экскурсия «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағытын іске асыру мақсатында өтті.

Колледж оқытушылары мен студенттері Абай жолымен жүріп, ақын әлеміне саяхат жасады.

Олар Семейден 50 шақырым жерде орналасқан жоңғарларға қарсы күресуші Күшікбай батыр зираты мен ескерткішіне барып, сол маңдағы аязда қатпайтын «Күміс бұлақ» бастауында болды.

Сондай-ақ, студенттер Бөрілідегі Әуезов үйінде, Жидебайдағы Абай үйінде, Абай – Шәкәрім мемориалдық кешенінде де болды. Бір қызығы, Абай тұрған үйдің жанында Еуразия құрлығының географиялық орталығы орналасқан. Әрмен қарай топ Еңлік-Кебек мавзолейіне барды.

Колледж студенттері Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды алыптар дүниеге келген қасиетті жерге барғандары үшін Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесіне, Колледж және ШҚМУ басшылығына ерекше алғыс білдіруде.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo