Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ «Жылдың үздік студенттік ғылыми үйірмесі» байқауының қорытындысын шығарды

28 наурызда «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығында «Жылдың үздік студенттік ғылыми үйірмесі» дәстүрлі байқауы өтті.

Байқау мақсаты – студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында бәсекелестік ортаны қалыптастыру. Жаһандану дәуірі өз ережелерін бекітетін қарқынды дамып келе жатқан әлемде жастар ғылымын дамыту баса назар аударуды қажет ететіні сөзсіз.

Студенттер мен магистранттардың үйірме жұмысына қатысуы жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы алғаш рет байқау комиссиясы үйірме жетекшілері ұсынған құжаттарды қарастырып қана қоймай, СҒҮ қызметіне тартылған студенттер мен магистранттардың презентацияларын да бағалады. ШҚМУ-дың әр факультетінен екі ғылыми үйірме қатысты. Осылайша, 8 үйірме өзара бақ сынасты: «Перспективы бухгалтерского учета и аудита в РК»; «Криминалист»; «Физик»; «Биотехнология – старт в науку»; «СНК лингвистической теории и практики немецкого и английского языков»; «Сана»; «Психологиялық кеңес клиникасы»; «Теория и методика физической культуры и спорта».

Шынайы қызығушылық пен жеңіске ұмтылыс әр қатысушының бойында байқалды, сол себепті байқау комиссиясына жеңімпаздарды анықтау оңай болмады. Алайда, ұзақ талқылаудан кейін шешім қабылданды – бірінші орынды және «Жылдың үздік студенттік ғылыми үйірмесі» атағын «Сана» СҒҮ иеленді, үйірме жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, филол.ғ.д. А.М.Картаева.

Екінші орынға табан тіреген – «Биотехнология – старт в науку» СҒҮ, үйірме жетекшісі – биология кафедрасының аға оқытушысы, биология магистрі Г.К.Көмекова.

Үшінші орынды «Психологиялық кеңес клиникасы» СҒҮ иеленді, үйірме жетекшісі – психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Қасымбекова.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды: I орын – 15 000 тг; II орын– 10 000 тг; III орын – 5 000 тг.

Жеңіспен құттықтай отырып, жаңа ғылыми шыңдарды бағындыруды тілейміз!

Студенттер мен жас ғалымдардың

ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Қазақ
× You found a Typo