Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Зырян ауданында кәсіби бағдарлық жұмыс жүргізді

19 қаңтарында Зырян ауданының оқушыларымен кәсіби бағдарлық жұмыс жүргізілді.

Оқу-әдістемелік жөніндегі проректор И.В. Ровнякова, педагогика, психология және мәдениет факультетінің деканы Г.Б. Куленова, экономика және құқық факультетінің деканы А. Г. Мухамадиева, колледж директор С. Д. Утепов, физика және технологиялар кафедрасының доценті Г. С. Бектасова, тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті Е. Ж. Сейтембетов, Маркетинг және ЖОО дейінгі дайындық орталығының жетекшісі А. С. Машекенова бастаған  мобильді топ Зырян ауданына шықты.

Оқушылармен және олардың ата-аналарымен кездесуді Зырян ауданының білім бөлімі ұйымдастырды. Университет өкілдері кәсіби бағдарлық жұмыспен Серебрянск қ., Бұқтырма а., Зырян қ. болды. Балалар мен ата-аналар университет, колледж, ондағы мамандықтар туралы толық ақпарат алды. ЖОО түсу, білім беру грантын алуға қатысу байқауы туралы сұрақтар қойылды.

Әрбір маршруттағы жергілікті елді-мекенде университет пен колледжде оқитын, өздерін ғылым, қоғамдық өмірде белсенді жақтарынан танылған жақсы студенттер тәрбиелеген ата-аналарға университет проректоры алғыс хат табыстады. Сонымен қатар университетпен оның колледжінде әртүрлі жобалардың жеңімпаздары мен қатысушылары болған, өздерінің түлектерін негізгі білім нәрімен сусындатып, жақсы дайындықпен алтын ұяларынан қанат қақтырған мектеп директорларына да алғыс хаттар табысталды.

Өткізілген кездесу барысында 600 адам қамтылды.

Қонақ жайлылығымен және мектеп директорлары, педагогтардың белсендігі үшін кездесудің ұйымдастырушысы – Зырян ауданының білім бөлімінің жетекшісі В. А. Лысенкоға және оның орынбасары Б. К. Канафинаға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындау орталығы

Қазақ
× You found a Typo