- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында орналасқан ШҚО білім мұражайы екі стендпен толықты.
Біріншісі арнайы білім беру тарихына, екіншісі педагог мамандар даярлығына арналған.
Стендтерде сирек жәдігерлер – оқушы партасы, мектеп киімі, пионер галстугы, кернейі мен барабаны, радиоқабылдағыш, ағаш шоттар, алғашқы компьютер, ноутбук, калькулятор қойылған.
Бір стенд университет ғалымы Ф. Головановтың жинаған бірнеше тілдегі әліппелерге арналған.
Баспасөз қызметі