ШҚМУ жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде математика кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы және Өскемен қаласы бойынша математикадан 9-11 сынып оқушылары арасында VІ областық олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға барлығы 156 оқушы қатысты, олардың 28 – 9 сынып оқушылары, 42 – 10 сынып оқушылары, 86 – 11 сынып оқушылары.
Олимпиада қорытындысы бойынша 19 қатысушы І, ІІ және ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды. Олардың ішінде І орын алғандары – 3, ІІ орын алғандары – 8, ІІІ орын алғандары – 8.
Сонымен қатар жақсы орындалған жұмыстарға «Ерекше шешім», «Математикалық сауаттылық» және «Жас математик» сияқты 3 номинация берілді.
Математика кафедрасы