ШҚО-да студенттік жатақханаларды салу бойынша жұмыстар қарқынды түрде басталып кетті.
Шығыс Қазақстанда облыс әкімі Даниал Ахметов бекіткен «Жол картасы» және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 11 студенттік жатақхана ашу көзделуде.
Атап айтсақ, 3300 төсек-орындық 9 жатақхана салынады, 1000 орындық бір жатақхананың құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, 350 орындық бір жатақхана күрделі жөндеуден өтеді деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Жатақхананың бірі 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі бойындағы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Студенттер қалашығында салынады.
– Құрылыс басқармасының нақты жоспары әзірленген, жобалар бойынша конкурстар өткізілуде, – деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Осы мақсаттар үшін облыс қазынасынан шамамен 50 миллион теңге қаражат бөлінген.
Баспасөз қызметі