Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО-да 7 мыңнан астам мектеп түлегі ҰБТ тапсырады

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Биыл облыстағы 9740 мектеп түлегінің 7 мыңнан астамы ҰБТ тапсырады. Қорытынды аттестация нәтижесі бойынша 684 оқушы «Алтын белгі» иеленді.

Тестілеу 6 күнде 6 лекпен өтеді. ҰБТ процесі онлайн режимде таратылады.

Бүгін Семей қаласынан, Курчатов, Бородулиха ауданынан 700 бала сынақ тапсырды.

Ертең 21 маусымда 2,3 мың бала тест тапсырады, олар Өскемен, Риддер қалалары, Жарма, Көкпекті, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарынан.

ҰБТ барысында түлектер тұрғын орынмен, тасымалмен, тамақтандырумен қамтылады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 8 миллион теңге шамасында қаржы бөлінген.

Биыл ҰБТ тапсырушылар үлесі былтырға қарағанда 6,3 пайызға көп. Жыл сайын олардың үлесі артуда, өйткені гранттар саны ел бойынша 20 мыңға көбейді. Облыс қосымша 400 грант бөліп отыр.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo