Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО-да «ALTAI» телеарнасының жаңа маусымы бастау алды

Бүгін Шығыс Қазақстанда «ALTAI» облыстық телеарнасы жаңа маусымның таныстырылымын өткізді. Жаңа маусымда көрермендер қызықты телебағдарламалар, репортаждар мен жаңалықтарды көре алады.

Өңір үшін маңызды іс-шараға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, «ALTAI» телеарнасы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған серіктесі болып табылады.

 - 60 жыл ішінде «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында көптеген өзгерістер орын алды. Бүгінде «ALTAI» телеарнасы заманмен бірге дамып, жаңа технологияларды қолданып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен тікелей эфирде телекөпірлер өткізуде, көрерменнің талабына сай, ҚР мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын жаңа жобалар ашылуда, - деді ШҚО Ақпараттық орталығында.

Алдағы уақытта арна көрермендері сараптамалық, ақпараттық жанрдағы 10-нан астам бағдарлама, тікелей эфирде 4 бағдарламаны көре алады.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo