Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО-да Астана күніне орай 600-ге жуық шара өтуде

Елорда күніне орай Шығыс Қазақстанда бір емес, бірнеше күнге арналған кең ауқымды шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, апта басынан бері аймақта жалпы саны 600-ге жуық шара өтуде.

Мерекелік шаралар легі қаланың шағын аудандарында өткен концерттік бағдарламамен басталды. Сондай-ақ, қала жастары «EXPO-2017» көрмесінің аясында түрлі акцияларға қатысып, жеңімпаздар халықаралық көрмеге барып қайту мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, мерекеге орай Шалқар көліне (үшінші Сібе көлі) қатынайтын «Өскемен – Шалқар» автобус маршруты да өз жұмысын бастады. Туризмді дамыту мақсатында демалушыларға барлық жағдай жасалған муниципалды жағажайға барушылардың саны күн санап артып келеді.

Мерекелік шаралар қос шаһарда өтетін кешкі концерттік бағдарламалармен жалғасын табады. Соның ішінде Өскемен қаласының тұрғындарына «X-Faсtor» жобасының жеңімпазы Евгений Выблов және ресейлік НТВ арнасы өткізген халықаралық «Ты – супер» жобасының қатысушысы  Влад Лоскутов ән шашу тарту етпек.

Шығыс Қазақстан облысының

Аймақтық коммуникациялар қызметi

Қазақ

Tags:

× You found a Typo