Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 70 жылдығына арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру: тәжірибесі және келешегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында болып өтті.
Ұйымдастырушысы – «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.
Конференция С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында өтті. Республикалық конференция жұмысына ШҚМУ стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияның мақсаты – қазіргі жағдайдағы педагогтар біліктілігін арттыру мәселесін ғылыми тұрғыда зерделеу, өткен кезеңдердің қорытындысын шығару.
Суреттер мына сілтемеде: https://cloud.mail.ru/public/78aN/GKdzyzcUL
Баспасөз қызметі