Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО-да білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтеді

Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі – бұл педагогтер үшін жаңа оқу жылының басталуына және жаңа педагогикалық идеяларға  есеп беретін дәстүрлі оқиға. Кеңес жаңа оқу жылындағы білім беру жүйесінің жоспарлары мен келешегін талқылау үшін сұхбат алаңына айналады.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында, сонымен бірге Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады.

Тамыз кеңесінің негізгі міндеттері: Шығыс Қазақстан облысының білім саласының жұмысын қорытындылау, соның ішінде: 2016-2019 жылдарға арналған үш тілді білімді дамытудың кешенді жоспарының екінші кезеңін іске асырылуы және Шығыс Қазақстан облысының 277 мектептерінде 476 жаңа модификацияланған кабинеттерімен жабдықталған «Менің мектебім» акциясы қорытындылау.

Облыс білім саласының ең үлкен жетістіктің бірі «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін IT-кабинеттер» партиялық жобасының шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының 277 мектептерінде IT-сыныптарының ашылуы және тұсаукесері болмақ.

Пленарлық отырыс бағдарламасы төрт блоктан тұрады:

1 блок - «Білім беру саласындағы цифрландыру» көрмесі,пленарлық отырыстың алдында «ШҚО білім саласында 2017-2018 оқу жылында болған ең маңызды оқиғалары мен жетістіктері» фильмін көрсету.

2 блок - пленарлық отырыс.

3 блок - марапаттау рәсімі. ҚР БҒМ наградаларымен, ШҚО әкімінің алғыс хаттарымен, «Білім берудің үздік мекемесі» гранты бойынша сертификаттымен марапаттау. Үштілділікті дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының ІІ кезеңін жүзеге асыру қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген пән мұғалімдерін ынталандыру сыйақы және Celta сертификаттарын табыстау.

4 блок - секциялық кеңестердің және пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша ұсынымдарды қабылдау. 

Ұйымдастырушы: ШҚО білім басқарамасы. 

Өткізу күні мен уақыты: 24 тамыз, сағат 15.00-де. 

Пленарлық отырысты өткізу орны: Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

Қазақ
× You found a Typo