Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО-да биылғы жылы 400 білім гранты бөлінді

Ағымдағы жылы облысымыздағы сұранысқа ие мамандықтар қажеттілігін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 400 білім беру гранты төмендегідей салалар бойынша бөлініп отыр: техникалық ғылым және технология, гуманитарлық ғылым, өнер, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина), қызмет көрсету және ауылшаруашылық ғылымы.

Сондай-ақ биылғы жылы алғашқы рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығының 44-тармағына сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 67 орын көлемінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлініп отыр.

«Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына сәйкес, мектеп бітіруші түлектерге жоғары білімнің қолжетімділігін және аймақтың жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, 2017 жылдан бастап біздің облыс алғашқылардың бірі болып білім беру гранттарын бөлуде (2017 жылы - 200 грант).

Шығыс Қазақстан облысының Аймақтық коммуникациялар қызметі

Қазақ
× You found a Typo