Слет аясында өңірдің табысты адамдарымен кездесу өтті, оған ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген және оқу орнының түлегі Юлия Миронова қатысты.
Слет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 12-19 шілдеде «Жігер» демалыс лагерінде (Жаңа Бұқтырма кенті) өтті.
17 шілдеде стартап бизнес-жобалардың «Shygys» облыстық конкурсы ұйымдастырылды.
– Бірінші кезеңде 20 жұмыс финалға іріктелді. Жеңімпаздар құнды сыйлықтар алып, білім басқармасы тарапынан қолдау табады. Біз олардың жобаларын іске асыруға демеуші іздейміз, – дейді ШҚО маман даярлау кәсіби техникалық білім беру орталығының директоры Ришат Рамазанов.
Слет барысында студенттер ШҚМУ ректоры М. Төлегенмен, Семей электротехникалық колледжінің директоры С. Сәрпекова, қалалық мәслихат депутаты, ШҚМУ түлегі Ю.Мироновамен, «Семей-Көркем» жарнама компаниясының директоры А. Ахметқановпен кездесіп, оларджың тәжірибелерін танып-білді.
Баспасөз қызметі
Фотолар «Алтайньюс» сайтынан алынған https://altaynews.kz/archives/96542