Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО-да NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу әдістері талқыланды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да облыстық дөңгелек үстел отырысы өтіп, NEET санатындағы жастармен жұмыс әдістері талқыланды.

Іс-шараға білім, жұмыспен қамту басқармаларының, кәсіпкерлік палатасының, ЖОО-лардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар сарапшылары, психологтары қатысты.

– ШҚО-да NEET жастар (не оқымайтын, не жұмыс істемейтін жастар) жалпы жастардың 4,5 пайызын құрайды, еліміз бойынша бұл көрсеткіш – 7,2 пайыз, – деді отырыс модераторы, ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ришат Рамазанов.

Облыста тамыз-қыркүйек айларында аталмыш санаттағы жастарға алғаш рет әлеуметтік зерттеу жүргізілген. Нәтижесін Шәкәрім университетінің әлеуметтану бойынша PhD докторы Мұхтар Әбдікәкімов баяндады.

– Облыстағы мұндай жастардың көпшілігі мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары туралы білмейтін болып шықты. Олар жұмыс іздеуге талпынбайды да, себебі ата-аналары қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бір немесе бірнеше баласы бар жас әйелдер де жұмыс табуда қиналады, жұмыс берушілер ондай әйелдерді алуға құлықсыз. Көп жағдайда жастар жалақысы көп жұмысты қалап, еңбекақысы төмен ұсыныстарға келіспейді, – деді ол.

Бүгінде еңбекпен қамту органдары жастармен белсенді жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік бағдарламалардың берер мүмкіндіктері көп.

Жұмыспен қамту басқармасының маманы Татьяна Савченконың айтуынша, жыл басынан оларға 7 мыңдай жас келген. Тұрақты жұмысқа 3163, әлеуметтік жұмысқа 254, қоғамдық жұмысқа 1425 адам жіберіліпті, 1002 адам курстарға, 1136 адам жастар практикасына жөнелтілген.

Кәсіпкерлік палатасының маманы Адина Қасенова «Бастау Бизнес», «Жас Кәсіпкер» жобалары туралы түсіндірді.

«Бастау Бизнестің» І легінде 1400 адам оқытылды. 9 қыркүйектен ІІ лек басталды, онда 2300 адам оқытылмақ. «Жас Кәсіпкер» жобасы бойынша 1074 адам білім алды.

ШҚМУ Маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығының маманы Арайлым Райысова университет түлектерінің еңбекпен қамтылу деңгейі бірнеше жыл бойы 96-97%-дан түспей келетінін айтты.

Отырыс соңында қатысушылар жастарды бағдарламалар туралы ақпараттандыру, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, бос орындар жәрмеңкесін өткізу жұмыстарын ширату сияқты шешімдер қабылдады.

ШҚО Ақпараттық орталығы

Қазақ
× You found a Typo