Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО-да облыстық «Дидар» газетінің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 24 қараша күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың облыстық «Дидар» газетінің 85 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиын өтті.

«Дидар» газетінің тарихы 1931 жылғы 24-қазанда Риддерде алғаш жарық көрген қалалық «Жұмысшы» газетінен басталады.

1939 жылы Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып құрылуына байланысты «Жұмысшы» газеті облыс орталығына көшіріліп,  «Социалистік Алтай» деген атпен шыға бастады.

1943 жылдан «Алтай большевигі», 1953 жылдан ел тәуелсіздігіне дейін «Коммунизм туы» деген атпен жарық көрді.

Газет 1990 жылғы 27-қарашадан бері «Дидар» деген жаңа атпен шығып келеді. Басылымда әр жылдары Шерияздан Елеукенов, Жұмағали Ысмағұлов, Оралхан Бөкеев, Кәдірбек Сегізбаев, Уахап Қыдырханов, Кеңес Юсупов,  Дидахмет Әшімханов, Ұлықбек Есдәулетов сынды танымал ғалым, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар еңбек етті.

«Дидар» газеті 2006 жылы Қазақстан Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығын, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің грантын жеңіп алған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo