Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО-да «Өлкетану» біріктірілген курсын енгізу бойынша облыстық семинар болып өтті

Өскемендегі №34 мектеп-лицей базасында «Облыстағы білім беру ұйымдарында жаңартылған мазмұн бойынша «Өлкетану» біріктірілген курсын енгізудің өзекті мәселелері» облыстық семинар-практикумы өтті.
Өскемен қаласындағы № 34 мектеп-лицей базасында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес және «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа жобаларды іске асыру мақсатында «Облыстың білім беру ұйымдарында жаңартылған мазмұн бойынша «Өлкетану» кіріктірілген курсын енгізудің өзекті мәселелері» атты облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар-практикумды Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырды.

Семинар-практикумның мақсаты облыстың білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының жобаларын ілгерілету, Өлкетану пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру.

Семинар-практикумға 140-тан астам педагогикалық қызметкерлер: аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері мен «Өлкетану» кіріктірілген курсын жүргізетін тарих, география, қазақ әдебиет, музыка мұғалімдері.

Бес секциялық отырыстарда жаңартылған мазмұн бойынша «Өлкетану» кіріктірілген курсын енгізу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай өлкетану сабақтарында тарихи сананы қалыптастыру мәселелері талқыланды. Өлкетану сабақтарын жүргізетін облыс мектептерінің мұғалімдері жұмыс тәжірибесінен көрсетілім жасап, шеберлік сыныптарын өткізді. Секциялық отырыстар жұмысына ғалымдар -  «Өлкетану. Шығыс Қазақстан облысы» оқулығынын авторлары қатысады.

Секция жұмысына «Өлкетану. Шығыс Қазақстан облысы» оқулығынын авторлық ұжымының мүшелері қатысты: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т. ғ. к., доцент - Аубакирова Ж.С., С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, ә.ғ.к. - Столярова Э.О., Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК директоры - Цыганов А.П., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушысы Аубакирова А.Ж., Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Муканов Б.Ш., «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК оқытушылары Кунафина К.Х., Есембаева З.Т.

Семинар-практикум қатысушыларына сертификаттар, іс-тәжірибесін бөліскен мұғалімдерге алғыс хаттар табысталды.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo