Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО-да педагогтардың тамыз кеңесі өтті

27-ші тамыз күні Шығыс Қазақстан облысы педагогика қызметкерлерінің «KELESHEKKE – KEMEL BILIMMEN!» атты тамыз конференциясы өтті.

ШҚО педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық отырысы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №5 оқу ғимаратында өткізілді.

Аталған конференция жаңа оқу жылындағы білім беру жүйесіндегі жоспарлар мен перспективаларды талқылау алаңына айналды.

Пленарлық отырыс жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғарғы және ЖОО кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев, ЖОО ректорлары, облыс педагогтары қатысты.

Кеңес басталмас бұрын «Digital East – болашаққа қадам 2019» халықаралық IT-форум шеңберіндегі start-up жобалар көрмесі ұйымдастырылды.

Өз баяндамасында ШҚО әкімі жаңа оқу жылында білім беруді дамытудағы басым бағыттарды баса айтты. Олардың ішінде, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту, білім беру нысандарының инфрақұрылымын дамыту, үштілділікті дамыту.

Іс-шара соңында Д. Ахметов ШҚО-ның білім беру саласындағы үздік қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттап, Өскемен қаласының 10 мұғаліміне жаңа пәтер кілттерін табыстады.

Тамыздың 26-28 аралығында 3500 адамды қамтумен 6 секциялық отырыс өткізу жоспарланып отыр.

Секциялардың негізгі бағыттары: мектепке дейінгі тәрбие және білім беру сапасын арттыру; білім берудің жаңартылған бағдарламасына мектеп алды топтарының, 4,9 және 10 сыныптардың көшуі;  инклюзивті білім беру жағдайында бала өмірінің сапасын арттырудың заманауи жолдары; жалпы білім беретін местептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру; халықаралық стандарттарға сәйкес ТжәнеКБ білім беру бағдарламаларын жаңарту; кадрларды даярлау сапасын арттыру факторы ретінде білім саласындағы серіктестік.

Баспасөз қызметі

Фото  https://cloud.mail.ru/public/3gfS/2YjaEe4AA

Қазақ
× You found a Typo