Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО-да саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар өтуде

Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда депортация, саяси қуғын-сүргін  мен жаппай аштық жылдарында жазықсыз жапа шеккендерді еске алады. ШҚО-да осы зобалаң жылдар оқиғалары құрбандарын еске алу күніне "Қасіретті жылдар жаңғырығы" тақырыбы аясында кешенді іс-шаралар өткізілді. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ұйымдастырылған тоталитарлық режимнің қасіреті, жаппай ашаршылық және халықтардың жер аударылуы туралы баяндайтын тарихи материалдар ұсынылған "Ауыр дәуірдің ауруы" атты көрмеге облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.

"Кеңес кезеңіндегі саяси қуғын-сүргіндер жайлы зерттеулер және естеліктер" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға келген қатысушылар көрме экспонаттарымен танысты.

Экспозицияның бірінші блогында облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан бірінші Толқынға түскен қуғын – сүргінге ұшыраған "Алаш" партиясының мүшелері туралы мұрағаттық материалдар ұсынылды.

1928 жылдың соңында жалған айыппен "буржуазиялық ұлтшылдардың" ішінен 44 адам қамауға алынды: А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж. Аймаутов, Х.Ғаббасов, И.Әлімбеков. Бес адам, оның ішінде Ж.Аймауытов пен Х.Ғаббасов ату жазасына кесілді. Қалғандары әртүрлі мерзімге түзеу лагеріне сотталған.

Ұлттық интеллигенция өкілдерінің басқа тобы, 40-қа жуық адам 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Топ құрамында Ж.Ақпаев, Ж.Кудерин, М.Тұрғанбаев, А.Ермеков болды. "Алаш Орда" ісі бойынша 4297 адам қуғын-сүргінге ұшырады, оның 2062-і ату жазасына кесілді. Бұл өте дарынды, білімді адамдардың тобы болды – тоталитарлық режиммен жойылған ұлттың қаймағы еді.

Шығысқазақстандықтар үшін алашордшылардың ерлігі ерекше маңызға ие, өйткені ұлт-азаттық қозғалыс Шығыс Қазақстан жерінде, атап айтқанда Семейде пайда болды.

Экспозицияның келесі бөлігі қуғын-сүргіннің екінші толқыны, оның ішінде Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов, М.Тұрғанбаев, М.Тайшыбаев, П.Васильев, Х.Жанқұлов сияқты өнеркәсіп және көлік қызметкерлеріне, мәдениет және білім қайраткерлеріне арналды. Көрмеде сондай-ақ, 20-дан астам лагерде Карлаг, Степлаг, Песчанлаг, Жезказганлаг, сондай-ақ тоталитарлық тәртіптің тұтас халықтарды жер аударғаны туралы қасіретті оқиғалардың фотосуреттері мен құжаттары қойылған.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік мұрағатының экскурсоводы Үмітжан Мұхамеджанованың айтуынша, 1936 жылдан 1944 жылға дейін Қазақстанға 1,5 млн.жуық адам жер аударылды, олардың ішінде немістер, поляктар, кәрістер, Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар және тағы басқалар болған. Жер аударылғандар ауыр жұмысқа жегіліп, орман алқабында, колхоз және совхоздарда, шахталарда, құрылыста жұмыс істеді.

Шығыс Қазақстанға 43 374 жер аударылған. Көрменің екінші бөлімінде қонақтарға Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхананың кітап экспозициясы ұсынылды. Барлығы 140 кітап пен журнал қойылды, оның ішінде Міржақып Дулатов, Жаханша Досмұхамедов, Дихан Қамзабеков, Әлихан Бөкейханов, Меңғали Мусин, Тоқтар Мағзұмов сияқты танымал жазушылардың  сирек кездесетін басылымдары бар. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік мұрағатының фотоқұжаттық көрмесі ұсынылды, онда "Алаш Орда", "мен кінәлі емеспін...", "өткеннің трагедиясы – болашаққа үміт" атты тақырыптағы мұрағаттық 15 тақырыптық планшеттен тұратын фотосуреттер мен құжаттардың 100-ден астам көшірмелері бар.

Екі күн бойы өтетін көрме Өскемен қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарына ел тарихындағы қайғылы беттерді білуге, бірегей экспонаттарды көруге және Ұлттық демократияның бастауында тұрған адамдар туралы естуге мүмкіндік берді.

Шығыс Қазақстан облысының Аймақтық коммуникациялар қызметі

 

 

Қазақ
× You found a Typo