С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында онлайн режимінде XXI республикалық «Абай оқуларының» облыстық кезеңі өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы байқаудың арқасында жалпы білім беретін және облыстық мамандандырылған мектептердің оқушылары ұлы ақындардың мұрасын жаңғыртуда.
Оқушылар Абай шығармаларын («Қара сөздер»), Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын мәнерлеп оқу сайысына қатысты.
Сонымен қатар, Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін үздік орындау, Абай шығармашылығы туралы эссе жазу сайыстары өтті.
Байқауға қатысушылар арасында семейлік бес жасар Бота Талғат ұлы ақынның 20-дан астам өлеңін жатқа айтып, әндерін орындады. Қыздың ата-анасының айтуынша, үш жасында оның көркем әдебиетке, әсіресе, Абай Құнанбаевтың шығармашылығына деген қызығушылығы оянған.
Баспасөз қызметі