Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша онлайн-отырыс өтті

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытындысын шығару бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жөніндегі жұмыс тобының онлайн отырысы өтті.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жоғары және арнаулы орта оқу орындарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұсынған-ды.

Әдеп жөніндегі уәкіл, жұмыс тобының төрайымы, СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат берді, университет мәртебесінің өзгеруіне және КЕАҚ-қа көшуіне сәйкес талдаудың өзектілігі мен ерекшелігін атап өтті.

Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: басқарушылық және ұйымдастырушылық-кадрлық қызмет, қаржы-шаруашылық қызмет, білім беру қызметі, ғылыми-инновациялық қызмет, әлеуметтік-тәрбиелік қызмет.

Әдеп жөніндегі уәкіл И.В. Ровнякова аталған қызмет түрлерін зерделеу кезінде талдау жүргізуге негіз болатын құжаттарды атап өтті. Мысалы, басқарушылық және ұйымдастырушылық-кадрлық қызмет саласында – бұл процесс менеджменті жүйесін енгізу, жүйелі әлеуметтік мониторинг жүргізу, қаржы-шаруашылық қызметте – тұрақты түгендеу және т.б.

Білім беру қызметінде – бұл білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізу, ведомосволардың электрондық журналдарын енгізу, емтихандар кезінде бейнетіркеу мен мониторингті пайдалану, пәндерге онлайн-тіркеу және т.б.

Ғылыми-инновациялық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау көрсеткіштерінің арасында – ғылыми метриялық көрсеткіштерді пайдалана отырып, кандидаттардың ғылыми-зерттеу әлеуетін объективті бағалау негізінде сыртқы/халықаралық және ішкі рекрутингке жаңа тәсілді енгізу, «Антиплагиат» жүйесін енгізу және т.б. бар.

Әлеуметтік-тәрбиелік қызметтегі талдау өлшемдерінің қатарында – «Оқытушылардың ар-намыс кодексін» енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша оқу құралдарын әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сағаттар, мектептер, көрмелер, студенттер үшін конкурстар және т.б. өткізу бар.

И.В. Ровнякова жұмыс тобының мүшелеріне университеттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жоспарының орындалуын тексеру бойынша тапсырмалар берді.

Баспасөз қызметі,

«SANALY URPAQ» жобалық кеңсесі

Қазақ
× You found a Typo