Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО-да «Жасыл Ел» студенттер еңбек жасақтары төртінші маусымының жабылуы өтті

Іс-шара ШҚМУ-дағы «Назарбаевтану» ҒБО-да өтті, оған жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, қала-аудандардан келген «Жасыл Ел» жасақтарының командирлері, студенттік құрылыс жасақтарының ардагерлері қатысты.

Қорытынды шығарылған кездесуді Семей қаласы студенттік құрылыс жасақтарының штабы ұйымдастырды. Оларға облыстық және Өскемен қалалық «Жастар ресурстық орталықтары» мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қолдау көрсетті.

– Мен студенттік құрылыс жасағында алған дағдыларымды өмірде көп қолдандым. Жасақ қатарында кірпіш қалау, қабырға сылау жұмыстарын атқардым, бригадир болдым. Ортақ іс ұйымшылдыққа, жауапкершілікке баулыды. Жастарды «Жасыл Ел» қатарына қосылуға шақырамын. Келесі жылы студенттік құрылыс жасақтарына 60 жыл толмақ, – деді «Нұр Отан» партиясы Өскемен филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова. 

Осы жылдың маусым айынан 3 қала мен 9 ауданда «Жасыл ел» жасақтарын ұйымдастыру» жобасы қолға алынып, 1475 жұмыссыз жас еңбекпен қамтылды.

Кешке таман ШҚМУ әкімшілік ғимаратының акт залында аталымдар бойынша үздік жасақ сарбаздары марапатталып, мерекелік концерт өтпек.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo